Кәрібжанов Біржан Отантайұлы 1971 жылы 28 сәуір күні Семей қаласында дүниеге келген.
1978-1988 жылдар аралығында Семей қаласының бірегей білім ордасы №16 мектебінде оқыды. Біржан Отантайұлы мектептен кейін Семей қаласындағы Технологиялық институтта жоғары білім алып, инженер-механик мамандығына ие болды. Одан кейін, 1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2001-2004 жылдары М. Әуезов атындағы Семей университетінде оқып, экономист мамандығын алған.
Еңбек жолын 1994 жылы Семей облысының Әуезов ауданы халық сотының сот орындаушысы қызметінен бастады.
1995 жылдан 1997 жылға дейін Семей облысы Әділет департаментінің жетекші консультанты қызметін атқарды.
1998-1999 жылдары Семей қалалық сотының және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің (ШҚО ӘД) сот орындаушысы қызметін атқарған.
1999-2000 жылдары Семей қаласы бойынша ШҚО ӘД-нің сот орындаушылар бөлімі директорының көмекшісі. Оған қоса, Семей қаласындағы мемлекеттік нотариат кеңсесінің кеңесшісі.
2000 жылдан бастап сот мәртебесіне ие болып, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық сотында 7 жылдан астам еңбек етті.
2008-2016 жылдары жаңадан кұрылған Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында абыройлы қызмет атқарды.
2016 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Алматы қалалық сотында белсенді қоғамдық және сот қызметінде болды.
Қазақстан Республикасы Сот жүйесінің қайраткері, Судьялар одағының құрметті мүшесі, Судьялар одағының «Үш би» және «Жеті Жарғы» құрмет белгілерімен марапатталған.
Сүйікті ұл, асыл жар, асқар тау әке, немерелерінің ардақты атасы.
Біржан Отантайұлы жайлы естелік, лебізіңізбен бөлісу бөлімі |